Ұлтаралық татулық пен келісім – Қазақ елінің басты құндылығы

0 427

Егемендігіміздің 29  жыл  ішінде  тұрақтылық және келісім моделін  дамытуда  айтарлықтай  табыстарға қол жеткізіп, қазақстандық   біртектілікті одан әрі нығайтып келеді.  Осыған орай облыс әкімі мен аудандар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы топ құрылып, ауылдық округтерде тұрғындармен кездесу жиындар өткізді.

Жұмысшы топ мүшелері облыс-тық мәслихаттың  депутаты, топ жетекшісі Асаубай Майлыбаев, облыстық мәслихаттың депутаты,  «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Сәрсенов,  аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова, аудан  прокуроры Аслан Әбілдаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жақсыбек Дәулетбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше басшысы Самат Тоқпановтар Арыстанды ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі  Қ.Мәдібек  сөз сөйледі.

— Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессия-аралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет етуіміз керек, -деп  ауданда  өзге ұлт өкілдерімен тұрақтылық, бірлік сақталғанын тілге тиек етіп, аудан көлемінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Одан кейін облыстық мәслихат-тың  депутаты, топ жетекшісі Асаубай Майлыбаев.

— Ел ішіндегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны елге түсіндіру соның негізінде қоғамдық пікірді байсалды қалыптастыру Қазақстан дамуының негізгі кепілі бола алады.   Барлық қазақстандықтар  ел ішіндегі тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулықты үзбей насихаттау керек. Жалпы, ұлтаралық келісім – адамның өнегелі тәрбиелігінің, жоғары мәдениеттілігінің барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлттық және этникалық топтардың мүддесімен ортақ деңгейінің көрсеткіші.  Біздің республикамыздағы ұлтаралық келісім – ең маңызды жетістіктердің бірі,-деп   тұрғындарға ұлтаралық татулықты сақтау қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты,  «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры М.Сәрсенов, аудан  прокуроры А.Әбілдаев, аудандық орталық мешіттің бас имамы Ғ.Қонақбаевтар сөз сөйлеп, қазіргі уақыттағы ең басты мәселе азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәселелерді нығайту қажеттігіне  жан-жақты тоқталып өтті.

Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды елді мекенінде қоныстанған күрді ұлтының өкілдері қазақпен тату -тәтті  өмір сүріп жатыр. Атап айтар болсақ Түркістан ауылдық округі бойынша 1397 тұрғын болса, оның 389-ы күрді ұлтының өкілдері құрайды. Ал, Арыстанды елді мекенінде 390 адам болса, оның 291-і күрді ұлтының өкілдері, 99-ы қазақтар қаншама жылдардан бері бір үйдің баласындай тату-тәтті, достықта өмір сүруде. Бүгінде Арыстанды орта мектебінде күрді тілі сабағы арнайы оқытылады.

Аудандық “Барбанг” күрділер ассоциациясының төрағасы К.Айдаров  пен Арыстанды ауылының имамы Т.Алиев елді мекендегі тыныштық пен тәртіпті, ұл-қыздарының тәрбиесі мен өнегесін қолға алып, қазақтай бауырласып кеткенін бүкіл аудан тұрғындары біледі.

Жиын барысында ауыл тұрғыны, зейнеткер С.Әлиев  ұлты күрді болса да үш бірдей ұлы қазақ қыздарына үйленіп, немере сүйіп, бақытты жанұялардың біріне айналғанын жеткізді. Одан кейін ауыл тұрғындары И.Мұстафаев, С.Қасимовтар да осы басқосуда сөз сөйлеп, қазақ жеріне деген өз ризашылықтарын білдіріп, өздері де қазақтың салт-дәстүрлерін ұстанып, қазақ тілінде сөйлесіп, көршілермен бауырластықта өмір сүріп жатқандығын тілге тиек етті.

Ауыл тұрғындары өз ойларын жеткізіп,  көкейлерінде жүрген  ұсыныс-пікірлерін  жеткізді.     Атап айтар болсақ, Арыстанды ауылы маңынан Түркістан облысына өтетін жай жолға шағыл тас төсеп беру және Қаратас каналын жөндеу туралы өзекті мәселелер көтерілді. Балалар болашағымыз деп ұрпақтары үшін ерінбей еңбек етіп, таң сәріден қара кешке дейін еңбек ететін ауылдықтар шағын ауылдан балабақша немесе шағын орталық ашу үшін облыс тарапынан көмек беруді сұрады.

Осындай жиын Жаңаарық, Байқадам ауылдық округтерінде  жалғасын тапты. Сондай-ақ    мобильдік топ мүшелері  аудан әкімінің орынбасары Л.Нұрмаханова, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Есмұрзаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше басшысы С.Тоқпанов және аудандық мешіттің бас имамы Ғ.Қонақбаевтар Игілік,Ұйым ауылдарында болып, тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде жұмысшы топ мүше-лері тұрғындарды татулыққа, ынтымақ бірлікке шақырды.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды.

Сәулет Рысбекұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.