Елордада жұмысшы 10-қабаттан құлап кетті
Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінің 10-қабатынан жұмысшы құлап кетті.
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиғаның орын алғаны туралы хабарлама сағат 10:50-де түскендігін атап өтеді.
«Бүгін сағат 10:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне Есіл ауданындағы Мәңгілік ел 80 мекенжайында жаңадан салынып жатқан «Алингер» тұрғын үй кешенінде қайғылы жайт орын алғаны туралы хабарлама түсті. Құрылыс компаниясының 1988 жылы дүниеге келген жұмысшысы 10-қабаттан құлап кетті. Ол №2 қалалық ауруханаға жеткізілді», — деп атап өтеді ведомстводан.