Қазақстанда Covid-19 вакцинасынан кейін 4 адам қайтыс болды
Қазақстанда Covid-19 вакцинасынан кейін төрт адам қайтыс болды. Барлық жағдайда оларға Sputnik-V салынған. Бұл туралы
«Бірінші жағдай Алматы облысында болды, бұл қалалық перзентханада жұмыс істеген біздің әріптесіміз, комиссия бұл оқиғаға қатысты тексеруді аяқтады. Оның созылмалы аурулары болған, жүрек ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған, бірақ тұрақты түрде тексерілмеген, тиісті дәрілерді қабылдамаған. Комиссия вакцина салудағы санитарлық нормалардың сақталуын да тексерді. Сот-медициналық тексерудің, комиссия шығарған нақты шешімнің нәтижесіне сәйкес, дәл сол вакцина ол адамда вирусемия туғызуы мүмкін емес. Ол адамның созылмалы ауруы болған және сол аурудан қайтыс болған. Өлімнің вакцинаға қатысы анықталмады», – деді Ажар Гиният.
Адам өліміне душар болған екінші жағдай Алматыда болды – дәрігер де қайтыс болды. Ол диспансерлік есепте тұрған жоқ. Ажар Гиният қан қысымы көтеріліп, жүрек ауруы болғанын айтты. Сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ, комиссия бұл істі тергеуді жалғастыруда.
«Үшінші жағдай Ақтөбе облысында болды. Денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының қорытындысына сәйкес, науқас инсультқа әкелетін созылмалы ауруға шалдыққан. Вакцинамен ешқандай байланыс жоқ», – деді вице-министр.
Төртінші марқұм вакцинадан кейінгі 12-ші күні қайтыс болды. Бұл іс бойынша комиссия жұмысын жалғастыруда, әлі нәтиже жоқ.
«Сарапшылар вакцинамен байланысты жан-жақты қарастырып, қолда бар барлық құжаттарды зерттеді», – деп сендірді Ажар Ғиният.