Мені белбеумен байлап, өзі шешінді: Актриса Фариза Ескермес өзін такси жүргізушісі зорламақ болғанын айтты
Әнші, актриса Фариза Ескермес басынан өткен ауыр жағдайды баяндап берді. Айтуынша, біршама уақыт бұрын өзін такси жүргізуші зорламақ болған. Алайда қаскөй сол күйі жауапқа тартылмаған екен.
Бұл туралы «Папарацци» бағдарламасында айтылды.
Фариза Ескермес 18 жасында басынан өткен оқиғасын айтты. Актрисаның айтуынша, бейтаныс такси жүргізушісі өзін зорламақ болған. Осыдан соң бойжеткен такси жүргізушілерінен қорқып қалған.
Айтуынша, актриса осы оқиғадан соң қатты шошынып, күйзеліскен түскен. Алайда полицияға арызданбаған. Ешқандай айғақ болмағандықтан жауапқа тартуға жүгінбеген екен.