Қанатбек әкім тарифтің өсуіне тоқтау қоймақ

0 328
Қазіргі таңда Талас аудандық электр станциясы тарапынан электр қуатына белгіленетін тариф жыл сайын қымбаттауда. Аталмыш жағдай жылу энергиясы мен ауыз су бағасының шарықтауына әкеліп соғуда. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әрине бұл жағдай алғашқы кезекте халықтың қалтасына ауырлық салатыны белгілі. Осыған орай, өндірілетін су және жылу энергиясының бағасын тұрақты ету үшін орталық қазандық аумағына TEDOM CENTO 530 когенерация құрылғысын орнату бойынша пилоттық жоба жасалды. Бір модульді орнатуға кететін номиналды газ шығыны сағатына 138 текше метрді құрайды.
Бұл пилоттық жоба жергілікті атқарушы органдардың келісімімен және Жамбыл облысы әкімдігінің тікелей бақылауымен жасалды.
Когенерациялық құрылғының ұтымды тұстары көп және құрылғы электр энергиясын аз жаратады.
Айта кетейік, «Игілік» КММ КК келесі жылыту маусымына толықтай дайын. Жобаны іске асыру үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ тарату желілеріне техникалық шарттарды беруге өтінім жасалды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.