Үш айда Қазақстаннан шетелге көшіп кеткендер саны көбейді
Биыл үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келді. Шетелге 5,5 мың адам көшіп кетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл қаңтар-наурыз аралығында 2 066 адам елімізде тұрғылықты тұру үшін тіркелді. Қазақстаннан кеткендер саны – 5 519 адам.
«Елімізге ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге көшіп кеткендердің жалпы санынан үлесі 83,1% және 82,0%» делінген ресми мәліметте.
Ал ел ішінде қоныс аударатындар саны 9,5%-ке азайған.
Ел ішінде арлы-берлі қоныс аудару 4 өңірде байқалады. Атап айтқанда, Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).