Ақтауда оқушы кәріз құдығына құлап, екі аяғын күйдірді
Ақтауда 12 жасар бала ашық кәріз құдығына құлап, аяғын қайнаған суға күйдірді
Оқиға 15 мамыр облыс орталығының 17-шағын ауданында орын алды.
Бала құлаған кәріз құдығында бумен араласқан ыстық су болған, сондықтан ол екі аяғын да күйдірді. Дәрігерлердің айтуынша, дененің 10-15 пайызы зардап шеккен.
«Бала анасымен бірге болған. Олар бірден облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінді. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті, таңғыш орады. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол травматология бөлімінде жатыр», — деді облыстық балалар ауруханасында.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда кішкентай бүлдіршін терезеден құлап кеткені хабарланған.