БҚО-да ауыр жүк көліктерінің соқтығысуынан екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

0 314

Батыс Қазақстан облысында ауыр жүк көліктерінің соқтығысуынан екі адам мен 39 жылқы қаза тапты

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 15 мамырда сағат 23:56-да Қаратөбе ауданындағы Самара-Шымкент тас жолының 464 шақырымында болған.

«40 жылқы тиелген тіркемесі бар Камаз бен түрік нөмірлері Mercedes-Benz Actros жүк көлігі соқтығысып, өрт пайда болған. Ауыр жүк көліктері толығымен жанып, 39 бас жылқы өртенді. Автокөліктерден өртенген екі мәйіт алынды, бір адам түрлі жарақаттармен Сырым ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жеке басы анықталуда», — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өрт сағат 04:47-де сөндірілді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.