Ақтау тұрғындары жарылыс сезгендерін хабарлады
Ақтау маңында жарылыс болды деп болжануда, салдарынан пәтерлерде жер асты дүмпулері сезілген
Әлеуметтік желілерде жер сілкінгені шамамен 17:17-17:25 сағатта сезіліп, қала маңында жарылыстан кейінгі пайда болған қою қара бұлттың фотосы таралған.
БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы да осы уақыт кезеңінде жер асты дүмпулерін тіркеген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін сейсмологтар Ақтауда магнитудасы бес балдан жоғары жер сілкінісі мүмкін емес деп мәлімдеген болатын.