Зайсан ауданында мал қырылып жатыр

0 274

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында малдың қырылу себептері анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 28 сәуір мен 12 мамыр аралығында Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінде жаппай мал қырылуда. Мал иелерінің айтуынша, 12 бас ірі қара және 100 бас ұсақ мал өлген. Қазіргі уақытта мамандар бұның себебін анықтауда. Осы жайлы ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин мәлімдеді.

«Шілікті ауылдық округінде 17 азаматтан 100-ге жуық ірі қара, 110 бас қой-ешкі дертке шалдыққан. Сол жерде ветеринариялық дәрігерлер халықпен бірлесіп, ауру малды емдеуде», — деді ол.

Округ аумағын тексеру барысында 12 бас ірі қара, оның ішінде 7 бұзау, 5 ірі қара, 1 қозының өлекселері табылды. Мамандар 1 қозы мен 1 бұзаудан патологиялық тексеру үшін сынама алған.

«Аталған ауылдық округтегі барлық мал басы қыс мезгілінен көтерем шыққан. 25-28 сәуір аралығында ауа температурасының төмендеп, қар аралас жауын жауды. Осыған байланысты әлсіреген мал қолайсыз ауа-райы салдарынан өліп жатыр. Ауырған малдан патологиялық сынамалар алынып, облыстық зертханаға тапсырылды», — деді ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

Шілікті ауылдық округінде барлығы 10 жарым мың бас ірі қара, 24 мыңнан астам ұсақ мал, 52 мың жылқы, 150 ит, 2343 құс, 52 мысық тіркелген. Мал жыл бойы жайылымда ұсталады. Айта кетейік, 2021 жылғы ветеринариялық-профилактикалық шаралар толық көлемде орындалған. Атап айтқанда, нодулярлық дерматитке, эмкарға, құтыру, сібір жарасы, жұқпалы жылқы ауруларына қарсы уақтылы екпе салу жұмыстары жүргізілді. Аталған окрукте соңғы 3 жылда мал шаруашылығы бойынша қауіпті індет тіркелмеген.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.