«Әйелдерге зират басына баруға болмайды»: Имам жерлеу кезіндегі маңызды сұраққа жауап берді

0 331

Белгілі дінтанушы әрі имам Нұрлан Байжігітұлы барша мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, өзіне жиі қойылатын діни сауалдарға тоқталып өтті. Бұл жолы имам әйелдердің адам жерлегенде зират басына бармауы керектігіне ерекше мән берді.

Сондай-ақ, дінтанушы әйел адамдарының жұмыс істемей, үйде отыруына қатысты да өз ойын айтты.Бүгінде көпшілік фильмдерден, әсіресе, елімізде жиі көрсетілетін түрік сериалдарынан марқұмды жерлеу рәсіміне әйелдердің де қатысатынын байқаймыз.

Имамның айтуынша, бұл дұрыс емес. Өйткені, адам жерлеу әйелдің психикасына өте ауыр тиетінін жағдай. «Марқұмды жерлеген кезде әйелдердің зират басына бармағаны жөн. Өйткені, әйел жаны нәзік дүние.

Мұндай ауыр құбылысты, жақын адамын жер қойнына тапсырған сәтті көру олардың жүрегіне үлкен ауыртпалық түсіреді. Тіпті, бұл жағдайды көру ер адамдар үшін де оңай емес. Сондықтан, марқұмды жерлеу кезінде қазақ әйелдерді зират басына ерітпейді.

Бұл әйел адамның жан-дүниесін қорғауға бағытталған қадам. Жалпы, біздің дінімізде әйелді қорғау, оның ауыртпалықтан, қиыншылықтан сақтау көп айтылған», — дейді имам.

NUR.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.