«Бәрі сіздікі ме»: Балаларымен түскен суретін көрсеткен Динара Сұлтан елді тәнті етті
Отандық танымал әнші Динара Сұлтан желіде барлық балаларымен түскен суретін жариялап, қалың көпшілікті қуантты. Желідегілер көпбалалы анаға тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдірген.
Динара Сұлтан бала-шағасымен түскен суретімен Instagram парақшасында бөліскен. Аталмыш фото жұлдызды жанұяның ауызашарға бара жатқан сәтінде жасалған. «Мамасының балалары. Қонаққа мені шақырмаңыз, үйіңізді көшіріп жібереміз.
Ауызашарға жиналған түріміз,қолда қырық бес сумке, домбра, арба т.б. Мен сияқты көпбалалы аналарды белгіле,мен сіздермен», — деп жазды Динара Сұлтан. Әншінің жанкүйерлері бұл отбасылық суретті бірден қызу талқыға алған.
Олар көпбалалы әртістің аналық ерлігін жоғары бағалап, оған деген мақтау сөздерін жаудырды.
«Шақырмаса шақырмай-ақ қойсын. Одан да осындай бақыт бұйырсын», «Молодец, Динара! Құмырсқаның илеуіндегідей болсын, үйіңіз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардай тату-тәтті болсын, перзенттеріңіз», «Динара қандай жүректі анасыз», «Жарайсың, сізді үлгі тұтамын», «Бәрі сіздікі ме? Жеті балаңыз бар екенін білмеппін», «Қандай керемет көрініс. Құдай көп көрмесін. Елдің көзі тимесін», — деп жазды көпшілік.