Баланы құтқарамын деп өзін оққа тосқан: Қазандағы оқиғадан көз жұмған ұстаздың соңғы айтқан сөзі белгілі болды
Қазандағы атыстан көз жұмғандардың арасында 26 жастағы шет тілі мұғалімі де болған. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльвира Игнатьева қылмыскер өтіп бара жатқан сәтте дәлізде жүрген
Алдын ала мәліметтер бойынша, мұғалім басқа оқушыны құтқармақ болып, кеудесін оққа тосқан.
Мұғалім көз жұмбас бұрын балалармен қоштасып үлгерген көрінеді. Бұл туралы оның жерлеу рәсіміне жиналған адамдар мәлімдеді.
«Ол сол жерде «Қош болыңдар, балалар» деп айтқан. Қылмыскер бірінші мұғалімге оқ атып өлітірген. Артынша басқа балаларды да атып тастаған», — дейді рәсімге жиналғандар.
Оқушылары Эльвираның мейірімді, әділетті және ең керемет ұстаздардың бірі болғанын айтады.
Қыз бес күн бұрын желідегі парақшасына сүйрет жүктеп, ерекше жазба қалдырған.
«Адам бақытты сәтте орнынан қалай тұрғанын да байқамай қалады», — деп жазған ол.
Қыз желіде үнемі ерекше жазбалар қалдырып, адамдарды өмірді сүюге шақырған.
«Өз өміріңді ерекше ету өз қолыңда. Ол үшін бақытта алыс болашақтан емес, қазіргі сәттен іздеуді үйрену керек», — дейді ол жазбаларының бірінде.
Эльвира бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен сабақ берген. Оның мектепте мұғалім болып қызмет еткеніне төрт жылға жуық уақыт болыпты.
Шілде айында ол 27 жасқа толуы керек болатын.
Қазандағы мектепте болған қайғылы оқиғадан кейін мәжіліс депутаты Андрей Линник Қазақстандағы мектептердің қауіпсіздігі туралы айтты.
Айта кетейік, 11 мамыр күні таңертең Қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияда болды. Екі жас жігіт мектепке шабуыл жасады: олар оқу орнына қарумен кіріп, атыс бастаған.
Соңғы мәліметтер бойынша, атыс кезінде мектепте жеті бала мен мұғалім қаза тауып, 20 адам жарақат алған.
12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Ресей президенті Владимир Путин қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы төтенше жағдайдан кейін де бірқатар тапсырма берді.