Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның мәйітін елге анасы алып келді
Грузияда қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі бүгін Қазақстанға жеткізілді.
Марқұмды туыстары астана маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек.
Жас қыздың денесін бір сағат бұрын Тбилисиден анасы алып келген.
«Әсел өз еркімен көпқабатты үйден секіруі мүмкін емес», – дейді анасы.
Оның өліміне 4 адамның қатысы болуы мүмкін. Төртеудің біреуі – қайтыс болған қыздың күйеу баласы. Ол Әсел Айтпаеваны Грузияға жұмыс істеу үшін шақырған.