Жаңаөзенде монша клиенттеріне «қызмет» ұсынған қыздар ұсталды (видео)
Жаңаөзен моншаларында тоғыз жезөкше ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7 мамырында Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері “жеңіл жүрісті” тоғыз қызды ұстады. Олар моншалардың клиенттеріне ақылы қызмет көрсеткен. Полиция қыздарды бөлімге жеткізді.
Белгілі болғандай, жасы 18-ден 39 жасқа дейінгі жезөкшелер Жаңаөзен қаласына Шымкент пен Тараздан ақша табу үшін келген.
Полиция оларды ҚР ӘҚБтК-нің 449 және 492-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Ал әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сондай-ақ, қыздар құқық қорғау органдарында есепке қойылды.