«Екі күн бойы ауырып жаттым»: Мақпал Исабекованың денсаулығы сыр берді

0 378

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова некесін қидырғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап кеткенін айты.

Бақытын тауып, тұрмысқа шыққан әртіс бірнеше күн бойы төсек тартып жатып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Мақпал Исабекова денсаулығы сыр бергенін өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

«Арқам ұстап қалды. Нерв қысылып қалса керек. Екі күн бойы тұра да алмадым, қозғала да алмадым. Тұра алмай жаттым», — деді Мақпал Исабекова. Желідегілер сырқаттанып қалған әнші үшін алаңдап, оның тез сауығып кетуін тілеген.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова осыдан бірнеше күн бұрын, 7-мамырда сүйіктісімен бірге діни жолмен мешітте некесін қидырған болатын.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.