Қазақстанға Қырғызстаннан құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелінгені рас па?

0 318

Қырғызстандағы қолайсыз жағдайға байланысты бұл елден ет өнімдерін әкелуге шектеу енгізілген

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Қырғызстаннан құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелінгені туралы аудиожазба тарады. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake.kz.

Аудиожазбада ер адам Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқанын айтқан.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі мұның жалған екенін мәлімдеді.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге шектеу енгізілген. Бұл шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды», – делінген ведомство жауабында.

Министрлік етті контрабандалық жолмен әкелу фактісі расталған жағдайда, қазақ-қырғыз шекарасында бақылауды күшейту шаралары қабылданатынын атап өтті.

m.sputnik.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.