Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 361

Серік Құсайынов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл лауазымға ол Ерлан Қожағапановтың орнына келді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.  

Бұған дейін Серік Құсайынов Алматының Алмалы ауданының әкімі болған.

Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылғы 8 мамырда Алматы облысының Шамалған стансасында дүниеге келген.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Әр жылдары Алматы коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор, қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

Ал Алмалы ауданының әкімі болып Ержан Сейтенов тағайындалды.

Ержан Іргебайұлы Сейтенов 1974 жылы туған. Х. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіріп, магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы ЖМК-11-де жұмысшы болып бастаған. Осы жылдары ол квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарында басшы  лауазымдарында болды. Алматы қаласының Жерді пайдалану мен қорғау, Жасыл экономика басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.

Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болған.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.