«ҚазАвтоЖол»-дың жаңа басшысы неге жазаланды?
Ол осыдан 6 жыл бұрын, яғни, 2015 жылы бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Ол уақытта Асқар Маратұлы Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі болыпты.
Kokshetau.asia-ның мәліметінше, 2015 жылдың 8 ақпанында сағат кешкі 21.30-да Ақмола облысының Зеренді ауылынан орман шаруашылығына С508BV сериясындағы өтірік мемлекеттік нөмірмен Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін әдейі пайдаланған. Осылайша, сот Асқар Маратұлы бұл әрекетін қасақана істеді деп тапқан. Өйткені экс-әкім тергеу барысында көлікті өзінікі емес, інісі Ш.М Дюсенбаевқа тиесілі екенін айтып, ақталған. Оның бұл әрекетін сот әкімшілік жазадан қашып отыр деп есептеп, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Тіпті, бұл жайында ҚазТАГ ІІМ 2015 жылғы 4 наурыздағы материалында «Асқар Маратұлы жалған мемлекеттік нөмірмен көлік жүргізгені үшін бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды» деп жазылған екен.