Илон Маск психологиялық ауруы бар екенін айтты
Миллиардер және бірнеше технологиялық компаниялардың негізін қалаушы Илон Маск Аспергер синдромымен ауыратынын мәлімеді
Аспергер синдромы — психикалық дамудың жалпы бұзылуының бірі. Ол адамның барлық назарын мүдделердің тар шеңберіне бағыттайтындығымен сипатталады. Көбінесе адамдармен қарым-қатынас кезінде қиындық туғызады.
«Мен электр машиналарын қайта құрастырып, адамдарды ғарыш кемесімен Марсқа жіберемін. Сіз шынымен мені қарапайым, сабырлы жігіт деп ойладыңыз ба?» — деді Маск.