Грузияда қайтыс болған қазақстандық азаматтың өліміне күдікті қамауға алынды

0 331
68 Қазір ҚР СІМ марқұмның денесін елге жеткізуді ұйымдастыру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Грузияның Тбилиси қаласында қазақстандық азамат қайтыс болды. Оның денесі 5 мамырда бір үйдің терезесінің астынан табылған. Бұл туралы Қазақстан Елшілігіне Грузияның құқық қорғау органдары хабарлапты, 

«Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9 қабаттан құлап мерт болған. Грузияның полициясы өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Полиция күдіктіні қамауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүдделері үшін жария етілмейді. Грузиядағы Қазақстан Елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс Елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақтанның Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматының денесін отанға жеткізуді ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсетуде»,– деп жазылған СІМ хабарламасында.

nege.k

Leave A Reply

Your email address will not be published.