Ақмола облысында екі жігіт 19 жастағы inDriver жүргізушісін өлтірді

0 431

Ақмола облысында мас күйде көлікті ұрлап айдап әкетпек болған екі жігіт жоспарланған қылмыс орнына апармағаны үшін 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді

4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне 45 жастағы аудан тұрғыны 19 жастағы ұлын іздеуге көмектесуді сұрап хабарласқан.

Көп ұзамай полицейлер екі жас жігітті ұстады. Олар — Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны және Қатаркөл ауылының 20 жастағы тұрғыны.

Алдын ала мәлімет бойынша, 3-4 мамырға қараған түні екі дос көлік ұрлау үшін Қатаркөлден Щучинскіге қарай шыққан. Олар жоспарланған қылмыс орнына inDriver қызметі арқылы тапсырыс берген таксимен бармақ болды. Келген көлікті арызданушының ұлы айдаған.

Екі жолаушының мас екенін байқаған жігіт оларды апарудан бас тартып, көлік салонынан шығуды талап еткен. Ауызша жанжал төбелеске айналған. Күдіктілердің бірі жүргізушіні қылқындырып, екіншісі — басына шыны бөтелкемен ұрған. Ол сынған кезде, бөтелкенің сынықтарымен жігіттің мойнына жарақат салған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.