Алматыда Назарбаев бейнеленген мурал пайда болды

0 491

Алматыда белгісіз суретшілер Нұрсұлтан Назарбаевқа мурал арнады.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бейнесі Бостандық ауданында пайда болды. Сурет Жароков және Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан қойма сыртына салынған.

Муралда Elbasy forever young деген жазу бар, бұл «Елбасы — мәңгі жас» деген мағынаны білдіреді.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы өкілдері ведомствоның бұл бейнелеу өнеріне ешқандай қатысы жоғын айтты.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.