Әкесі мен қызы теңізге демалысқа келген күні қайтыс болды

0 389

Ұлыбританиялық азаматтар — әкесі мен қызы демалыстың алғашқы күнінде қатты дауыл салдарынан қайтыс болды.

47 жастағы Мэтью Смит пен 26 жастағы Бонни Смит елдің оңтүстік-батысындағы Корнуолл округіне отбасылық демалыс өткізуге келген. Олар қатты желге қарамастан, итпен бірге жағалауға серуендеуге шыққаннан оралмаған.

Туыстары оларды іздеп шыққан, біраз уақыттан кейін қайтыс болған Бонни Смиттің ағасы жалғыз қашқан итті байқайды. Ол қайғылы жағдай болған шығар деп күдіктеніп,  құтқарушыларды шақырады. Төтенше жағдайлар қызметі Муллион Коув айлағының жағасынан әкесі мен қызының денелерін тапты.

Алдын ала болжам бойынша, британиялықтар қатты толқын салдарынан батып кеткен болуы мүмкін.

tengritravel.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.