Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыстан 46 адам көз жұмды
Қырғызстан билігі Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыста зардап шеккендер саны 173-ке жетіп, оның 34 көз жұмғанын мәлімдеді. Ал Тәжікстан тарапы ресми 12 адамның қайтыс болғанын хабарлаған еді. Осылайша екі ел арасындағы қақтығыс 46 адамның өмірін жалмап кетті.
Еске сала кетейік, 28 сәуірде Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы «Головный» су тарату пунктінің ауданында екі ел тұрғындары өзара келіспеушілігінің соңы кескілескен шайқасқа ұласқан болатын.
29 сәуір күні кешке Қырғызстан мен Тәжікстан қақтығыстан кейін бірінші рет атысты тоқтатып, әскери күштерді мемлекеттік шекара сызығынан шығаруға келісті. 1 мамырда таңертең шекарадағы жағдай тұрақты деп сипатталды.
Алайда бірнеше сағаттан кейін бұл жердегі жағдай шиеленісе түсті: Арқа ауылында тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырды. Қырғызстанның бірнеше ауылынан 20 мың тұрғын эвакуацияланыпды.
Қырғыз билігінің мәліметінше, тәжік тарапы пулеметтен оқ атып, минометтен бомба жаудырған. Бұған қоса Ми-24 әскери ұшағын қолданған.
Қақтығысың салдарынан Қырғызстандағы он шақты ауыл зардап шегіп, бірнеше үй жермен-жексен болған. Оған қоса, шекарадағы әскери бекеттер де оқтың астында қалған.
Баткен облысында келіссөздер өтіп, оған Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев пен Тәжікстан МҰҚК басшысы Саймумин Ятимов қатысты. Кездесу барысында олар екі мемлекеттің шекарасында атысты толық тоқтату туралы келісімге қол жеткізді.
Қазір шекарадағы жағдай тұрақты. Тұрғындар үйлеріне қайтып, жол қайта ашылған. Зардап шеккен ауылдар қайта қалыпан келтірілуде.