Қырғызстан мен Тәжістан шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр

0 437

Бішкек қаласында қырғыз-тәжік шекарасында болған жағдайға қатысты митинг өтіп жатыр.

Дәл қазір Ескі алаңда 500-ге жуық адам жүр. Олармен келіссөз жүргізуге Үкімет аппаратының басшысы Жеңісбек Асанқұлов шықты.

«Қазір барлығы 4 автобусқа отырып, әскери комиссариатқа бара алады. Сол жерде тізім жасаймыз», — деді аппарат басшысы.

Қақтығыс кезінде Қырғызстанда 154 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 33 адам көз жұмды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.