«Жамбылдың жыр керуені»
Дарынды балаларға арналған «Дарын» лицей-интернатында қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның мол әдеби мұрасын дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың поэзияға, ұлттық өнер мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жамбылдың жыр керуені» әдеби-танымдық кеш өтті.
Әдеби кеш барысында кітапхана қызметкерлері Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстырды. Кеш қонақтары мен білім алушыларға ақынның 1946 жылы жарық көрген құнды кітаптары таныстырылып, олардың тарихи-әдеби маңызы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар шара аясында «Жамбылдың жыр әлемі» кітап көрмесіне қойылған ақын шығармалары, өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми зерттеулер, танымдық басылымдар мен әдеби еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараның ерекшелігі – заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерінің қолданылуы болды. Кітапхана қызметкерлері жасанды интеллект көмегімен әзірленген Жамбыл Жабаев туралы бейнематериалдарды көрсетіп, оқушыларға ақын тұлғасын жаңа қырынан таныстырды.
Әдеби-танымдық кеш барысында оқушылар Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы тың деректермен танысып, ақынның ұлт руханиятындағы айрықша орнына қанықты. Кеш жас ұрпақтың әдебиетке, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, Жамбыл мұрасын насихаттауға бағытталған мазмұнды шара болды
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.