Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

0 23
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бір апта ішінде арзандаған.
🔸Бағасы ең көп төмендеген өнімдер:
пияз – 4,9%
картоп – 4,1%
алма – 2,7%
қырыққабат – 2,2%
сәбіз – 1,9%
қияр – 1,5%
қой еті – 0,6%
қызанақ – 0,4%
✅Ал нан, қаймақ, сары май және тұз бағасы өзгермеген.
Өңірлер арасында азық-түлік бағасы Қарағандыда 0,7%-ға, Көкшетау мен Өскеменде 0,5%-ға, Қонаевта 0,4%-ға төмендеді. Жезқазған мен Талдықорғанда баға 0,3%-ға арзандаған. Бірқатар ірі қалаларда бағалар өзгеріссіз қалды.
🔸Қазақстан бойынша орташа баға:
пияз – 188 тг/кг (ең төмені Түркістанда – 135 тг);
картоп – 248 тг/кг (Павлодарда – 180 тг);
алма – 776 тг/кг (Шымкентте – 639 тг).
🗯Мамандар бұл өзгерістерді маусымдық өнімдердің арзандауымен байланыстырады. Бағалар еліміздің барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында апта сайын бақыланады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.