Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпаздарын марапаттады
– Байқауға қатысқан әр отбасының өзіндік тарихы мен өмірлік жолы бар. Бірі – ел игілігі үшін адал еңбек етсе, енді бірі кәсіпкерлікпен айналысып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Білім мен ғылымға, мәдениет пен спортқа үлес қосып жүрген отбасылар да бар. Олардың барлығын біріктіретін ортақ құндылық – отбасы алдындағы жауапкершілік, елге деген сүйіспеншілік және ұрпақ тәрбиесіне деген адалдық.Бүгінгі марапат – байқаудағы жеңістің ғана емес, отбасылық құндылықтарды сақтауға, бала тәрбиесіне және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікке қосқан үлестің бағасы. Әр шаңырақта бейбітшілік пен береке, татулық пен молшылық орнасын, – деді облыс әкімі.