1 мамыр күні Алматыдағы орталық саябақ жабық болады
Алматыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағы 1 мамыр күні жабық болады,
Саябақта дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
«2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар үшін жабық болады», — деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 1 және 2 мамыр күндері саябақ маңында қоғамдық көліктер жүрмейді.
«1 және 2 мамырда Троллейбус желісі мен кабельдік желіде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Гоголь көшесі бойымен батыс және шығыс бағытта — Калдаякова көшесінен ПКиО аялдамасына дейін троллейбус және автобустардың қозғалысына өзгертулер енгізіледі», — делінген хабарламада.