Таразда құны 2,4 миллиард теңгені құрайтын теннис орталығы салынады

0 339

 

Соңғы жылдары халықтың арасында саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысушылардың қатары артып келеді. Соның ішінде көптен бері
көпшіліктің сұранысында жүрген теннис спортына да мықтап мән берілуде. Осыған дейін өңірде 11 теннис корты бар болса, енді олардың қатарын екі гектар аумақты қамтитын, үш қабатты теннис орталығы толықтыруы мүмкін.

Осы мәселеге орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскийді қабылдады. Басқосу барысында бұған дейін ел аумағы бойынша Ақтөбе, Өскемен, Қарағандыда ел игілігіне берілген теннис орталықтары сөз болды. Юрий Польскийдің айтуынша, бұл орталықтар қазіргі таңда халықтың
сұранысын қанағаттандырып отыр екен. Ал Таразда салынуы ұсынылған нысанға «Атакент» базары маңынан орын белгіленіп отыр. Жоба бойынша бес мың шаршы метрді қамтитын орталық құрамына бес жабық теннис корты, екі тренажер залы мен қонақүй кіреді. Федерация вице-президентінің айтуынша, жобаның жалпы құны 2,4 миллиард
теңгені құрайды. Және жаңа теннис орталығы барлық халықаралық және олимпиадалық талаптарға сай болмақ. Орталықтың негізгі мақсаты – жоғары деңгейдегі спортшыларды
даярлау, сондай-ақ өскелең ұрпақты теннис спортына баулу. Осы ретте Бердібек Машбекұлы жоспарланған нысанның жобасымен жан-жақты танысып, оның орналасу аумағы әуежайға жақын, заманауи талаптарға сай, халыққа қолайлылығы мен жастарға тиімді болу керектігін ерекше атап өтті. Басқосу соңында аймақ басшысы нысанның жұмыс жоспарын мақұлдап, Юрий Федоровичке жобаны жеделдетіп жүзеге асыру үшін инвестор тарту керектігін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.