Орал қаласы жабылады

0 336

БҚО-да короновирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин күшейтіле бастады. Мамыр айынан бастап Орал қаласына кіріп-шығу үшін блокпостар қойылады, ал кешеден бастап тұрғындарды жаппай егу үшін арнайы жасақталған автобустар жұмыс жасауда

«Мобилдік егу пункттері қаладағы төрт ірі сауда орталығы мен орталық базардың жанына қойылды. Ол жерлерде кез келген адам жеке куәлігін көрсетіп, қалауына қарай, қазақстандық немесе ресейлік екпе ала алады. Одан кейін пациент жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болады»

Орал қаласы жабылады Айта кетейік, көліктегі егу пункттері 10.00-20.00 сағат аралығында жұмыс істейді. Бұл – тұрғылықты жері бойынша емханаларға барып, кезек күтіп тұрғысы келмейтін адамдар үшін қолайлы нұсқа болып тұр. Сондай-ақ, облыста бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Мұхамғали Арыспаевтың «Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысына сәйкес, 1 мамырдан бастап жаңа шектеу блокпосттар жұмыс істемек. Ол облыс орталығынан бөлек, эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл» аймақта орналасқан Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Казталов, Теректі, Шыңғырлау аудандарында да орнатылмақ.

Блокпосттар арқылы барлық тиесілі құжаттарын көрсеткен жағдайда халықтың өмірін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық себептер бойынша аумаққа келіп-кететін және карантиндік ауруханаларда емделген және бақылауға алынған адамдар, транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар, ауысым жұмысшыларын тасымалдайтын көліктер өте алады. Өзге санаттағы адамдарға қалаға кіріп-шығуға тиым салынбақ. Айта кетейік, мұндай қатаң шара облыста осымен екінші рет қолданылып отыр. Былтыр да БҚО-да 2020 жылдың 31 наурызынан 1 маусымына дейін блокпосттар қойылған еді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.