Үндістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 41 адамға жетті

0 63

Фото: Anadolu
Үндістанның Ассам штатында су тасқыны жалғасуда. Табиғи апат салдарынан 41 адам қаза тауып, 650 мыңнан астам тұрғын зардап шекті, ал ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көршілес таулы аймақтарда жауған нөсер жаңбыр мен мол жауын-шашыннан туындаған бұрын-соңды болмаған су тасқынынан зардап шеккен аудандарда барлық төтенше жағдай қызметтері тәулік бойы жұмысын жалғастырып жатыр.

Билік тұрғындарға азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және гигиеналық құралдарды жеткізуді ұйымдастырды. Сонымен қатар құтқару операциялары жалғасуда. Оған армияның, әскери-әуе күштерінің және басқа да арнайы қызметтердің бөлімшелері жұмылдырылған. Сыртқы әлеммен қатынасы үзілген елді мекендердің тұрғындарына бірінші кезекте қажет заттарды жеткізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) пайдаланылуда.

Он округте уақытша орналастыруға арналған 487 лагерь мен гуманитарлық көмек тарату пункті ашылды. Қазіргі уақытта оларда 24 418 эвакуацияланған тұрғын орналастырылған.

Үндістанның метеорология департаменті алдағы төрт күнге найзағай, күн күркіреуі және қатты жаңбырға байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, өңірдегі көптеген өзендерде су деңгейі қауіпті межеден асып кеткен.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285128-undistandagy-su-tasqynynan-qaza-tapqandar-sany-41-adamga-zetti

Leave A Reply

Your email address will not be published.