Жел, нөсер жаңбыр: Алдағы күндері Жамбыл облысында ауа райы қандай болады

0 71

Алдағы күндері аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Желдің күшеюі де күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, 21–23 шілде аралығында Жамбыл облысында ауа райы тұрақсыз болады.
Аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Желдің күшеюі де күтіледі.
Тараз қаласында 21 шілдеде күндіз ауа температурасы шамамен +34°C-қа дейін жетеді. 22 шілдеде +31°C, 23 шілдеде +28°C шамасында болып, найзағайлы жаңбыр күтіледі.
Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу аудандарында да алдағы үш күнде ауа райы ұқсас сипатта болады. Күндіз ауа температурасы негізінен +28…+35°C аралығында сақталады. Кейбір аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Желдің екпіні күшейіп, жекелеген аумақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.
Фото: Jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.