Тараз қаласының «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты қабылданған қаулыға өзгерістер енгізілді

0 315

Тараз қаласының «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты қабылданған қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев айтты.

Спикердің сөзінше, ауру өршіген тұста алдымен медициналық маска кию қатаң сақталуы керек. Мәселен, қоғамдық үй-жайларда, қоғамдық көлікте 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда қоғамдық тамақтану орындарында бетперде кию талаптары таса қалмауы тиіс. «Қызыл» аймаққа енуге байланысты мектептерді 1-8, 10 сыныптары онлайн форматта оқуға көшіреді.

«Шектеу шараларына байланысты шаһарда өзгерістер көп болады. Мәселен, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), өткізуге. Сенбі және жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен желілерінің (оның ішінде онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда) объектілердің жұмысына. Жексенбі күндері ашық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына. Сенбі және жексенбі күндері жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес), сауналардың, СПА орталықтарының, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының және фитнес-орталықтардың жұмысына тыйым салынды», — деді Бағлан Қыдырбаев.

Сондай-ақ, спикер сөз барысында мәдениет нысандары да түрлі шараларын шектейтінін айтты. Мәселен, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне де тоқтау салынбақ. Ойын-сауық орындары да жұмыс барысын тоқтады.
Яғни, караоке, банкет залдары, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг бар. Балалардың ойын-сауық орталықтары оның ішінде ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, батуттар да өз қызметін тоқтатады.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, сағ., 07.00- 23.00 дейін супермаркеттер мен гипермаркеттердің қызмет етуіне рұқсат. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 09.00- 20.00-ге дейін ғана. Сонымен қатар, сағат 07.00-ден бастап сағат 05.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері мен фуд корттардың қызметіне тек жеткізуге және әкетуге рұқсат. Ал ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) қызметіне шектеу жоқ. Кеңсе, ұйым қызметкерлерін 80% қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру, 20% күндізгі режимге ауыстыру жүргізілмек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, банктердің, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері сағат 9.00-18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Айта кетейік, жаңаша түрленген №2 қаулыны 16 сәуірде облыс Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.