Ардагерлерге алғысын айтты
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында адамзат тарихындағы ең сұмдық техногендік апаттардың бірі – Чернобыльдағы атом электр станциясындағы жарылыс кезінде өздерінің азаматтық борыштарын өтеп, апат салдарын қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті.
Аталған жиында аудан әкімі Нұржан Календеров ардагерлерге Чернобыльдық апаттың зардабын жоюға қатысып, сол кезде танытқан батылдықтары мен төзімділіктері, көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін алғысын білдірді.
-Азаматтармыз өздерінің жандарын аямай, сол елді мекендегі халықты қорғау үшін апат болған жерді залалсыздандыруға белсене қатысқандарын асқан ерлік деп білеміз,-деген аудан басшысы Нұржан Календеров ардагерлерге арнайы Алғыс хаттар табыстады.
Сондай-ақ, шарада ардагерлердің әлеуметтік жағдайларына байланысты сұрақтарына жауап беру үшін денсаулық, зейнетақы төлеу жөнінде мемлекеттік орталық пен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары да қатысты.