Доллар бағамы Қазақстанда күрт төмендеді

0 80

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Arasha.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 468,88 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 7,45 теңгеге төмен. Ал Ұлттық банктің 14 шілдеге бекіткен ресми бағамы 477,11 теңге болды.

Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы:

сатып алу — 469,35 теңге;

сату — 472,44 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттерінде:

сатып алу — 468,03 теңге;

сату — 475,03 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл басынан бері теңге бағамы АҚШ долларына қатысты 5,1 пайызға нығайғанын мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, бұған бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда:

ақша-несие саясатының қалыпты қатаң жүргізілуі;

шетелдік инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына жоғары қызығушылық танытуы;

Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны төмендетуге бағытталған бірлескен шаралары;

сыртқы экономикалық ахуалдың қолайлы болуы.
Фото:depositphotos.com
https://arasha.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.