Кіші футбол алаңшасы жаңартылып, пайдалануға берілді

0 34

Тараз қаласы, «Шалғай Қарасу» алқабы, Мелиораторская көшесінің бойында орналасқан №20 кіші футбол алаңшасына жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
Жөндеу жұмыстарын «ДамуСтройСервис» ЖШС жүргізді. Нәтижесінде алаңша заманауи талаптарға сай жаңартылып, балалар мен жастардың, сондай-ақ спортпен шұғылдануды ұнататын тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасалды.
Айта кетейік, мердігер ұйым бұған дейін де №6, №17, №18, №28 және №31 кіші футбол алаңшаларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оларды тұрғындар игілігіне тапсырған болатын.
Мұндай жобалар қаладағы спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортты қолдауға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосады.
Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.