Таразда жер сілкінісі болды

0 77

istockphoto
Таразда таңға жақын жер сілкінді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жер сілкінісін ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде сағат 04:40-та тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Тараз қаласында жер асты дүмпуі 2 балл шамасында сезілді. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/284032-tarazda-zer-silkindi

Leave A Reply

Your email address will not be published.