Цой Біртановты министрлікке қызметке ала ма?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты жұмысқа алу туралы сұраққа жауап берді
«Елжан Біртановқа қатысты, оған сот үйден шығып, жұмыс істеуіне рұқсат берді. Оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдем қызметіне жұмысқа аласыз ба?» — деп сұрады журналист тікелей эфирде.
«Бүгінде бізде осындай ақпарат бар. Біздің білуімізше, ол коммерциялық мекемеде жұмыс істеп жатыр», — деді Алексей Цой.
Еске салайық, бүгін Цой тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын.