Армрестлингтен өткен жарыста үздіктер анықталды
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің күш-қайратын, төзімділігі мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Алдын ала іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен спортшылар жартылай финалда өзара бақ сынасып, тартысты кездесулердің нәтижесінде үздік қатысушылар финалдық кезеңге жолдама алды. Финалдық белдесулер ерекше тартысты өтіп, көрермендердің қызығушылығын тудырды.
Іс-шараның мәртебесін арттыру және қатысушыларға кәсіби қолдау көрсету мақсатында арнайы қонақ ретінде Мералиев Серік Сейталимұлы шақырылды. Ол – Жамбыл облыстық жекпе-жек сайысы федерациясының президенті, Әлем кубогының күміс жүлдегері және рукопашный жекпе-жек спортынан І дәрежелі төреші. Құрметті қонақ жарысқа қатысушылардың өнеріне жоғары баға беріп, спорттың адамның ерік-жігерін, тәртібі мен жауапкершілігін қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушыларға алдағы уақытта да спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Жарыс қорытындысы бойынша өз салмақ дәрежелерінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер атанып, мекеме әкімшілігі тарапынан салтанатты түрде марапатталды. Марапаттау рәсімі барысында олардың белсенділігі, табандылығы мен спорттық рухы ерекше атап өтілді.
Осындай спорттық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу сотталғандардың дене мәдениетін дамытуға, олардың бойында тәртіп, жауапкершілік және өзара сыйластық сияқты оң қасиеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етеді.