MADMEN тобының ұсталған мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін

0 355

Алматы полиция департаменті есірткі қылмысы бойынша күдікті ретінде ұсталған Mad Men Q-pop тобының әншілеріне қатысты ісі қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты.

Полиция мәліметі бойынша, ісі ҚР ҚК- ның 297- бабы 3- бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу» бойынша сараланған.

Бап мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Бұған дейін Алматы полициясы есірткі қылмысына күдікті ретінде ұсталғандар қатарында танымал Q-pор тобының мүшелеріне ұқсас. Олардың ішінде пікір қалдырушылар топ мүшесі Moora олардың продюсері Руслан Хванды танып отыр.

Айта кетейік, құқық қорғау органдары тұрақты түрде есірткі сатқандарды ұстағанын хабарлаған еді. Топтың құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Оны 27 жастағы ер адам басқарған.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.