Байзақ ауданында медициналық қызмет сапасы талқыланды
Байзақ аудандық мәслихатының «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жиынды комиссия төрағасы, №10 сайлау округінің депутаты А. Жәмішжанов ашып, жүргізді.
Отырыстың күн тәртібінде аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жағдайы және медициналық көмектің қолжетімділігі мәселелері қаралды.
Негізгі баяндама жасаған Байзақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалым Талғатұлы Қалтаев ауданның денсаулық сақтау саласындағы қазіргі ахуал туралы жан-жақты ақпарат берді.
Баяндамашы медициналық ұйымдардың қызметі, тұрғындарға көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмектің сапасы, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі және салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Отырыс барысында комиссия мүшелері денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, емдеу мекемелерінің жұмысын жетілдіру және материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында ұсыныстарын білдірді.
Жиын қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданып, олардың орындалуын бақылау тұрақты комиссияның назарында болатыны атап өтілді.
фото: ашық дерек