Жамбыл облысы халқының 97 пайызы қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтылған


– Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері ерекше өзектілікке ие. Осыған байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажет. Сонымен қатар облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді толық орнатуды қамтамасыз етуіміз керек, – деді өңір басшысы.