Атыраулық азамат үш баланың анасын балтамен ұрып, ізінше өзіне қол салған
Сұмдық жайт! Атырауда жергілікті тұрғын үш баланың анасын балтамен ұрып, содан кейін оның үйінде өзіне қол салды. Ер адам мен келіншек бір ай бұрын танысқан екен. Нәзік жанды ұнатып қалған азамат оның қыр соңынан қалмай, өзімен бірге тұруды талап ектен. Бірақ келіншек бұған үзілді-кесілді қарсы болыпты. Мұндай жауапты күтпеген жігіт 6 сәуір күні ұрып-соғып, алты күннен соң ұрлап әкетіп, баспанасында зорлаған. Қаскөйдің ұрда жық әрекеттері 20 сәуірге дейін жалғасып, соңы қайғылы аяқталды. Әйел қазір ауруханада жатыр.
Еркін ЕРБӨЛЕКОВ, облыстық нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі Ашық бас-ми жарақаты, бас сүйектерінің сынуы, мидың ауыр дәрежелі соғылу диагнозы қойылып, қазіргі кезде нейрохирургия бөлімінде ем алу үстінде. Операция қажет етпейді. Емі консервативті түрде өткізіледі. Қазіргі кезде есін біледі».
Жәбірленуші зорлық көргеннен кейінгі күні полицияға шағымданған. Бірақ, тәртіп сақшылары арызды қылмыс болған күні жазу керектігін айтып, қабылдамай қойған. Ер адам осы аралықта қоғамдық орындағы бейәдеп әрекеті үшін екі күнге қамауға да алынған екен. Әйел зорлап, оған бірнеше рет әлімжеттік көрсеткен марқұмды тірі кезінде қамауға алып, қылмыстық іс жүргізбеген полицейлер енді заң алдында жауап береді.
Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК «Денсаулыққа қасқана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу, сотқа дейінгі ҚК 321 бабы, «Салғырттық» бойынша жүргізілуде».