Астанада құтқарушылар 9 қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды
Астанада құтқарушылар 16 жастағы қызды қауіпсіз жерге шығарды. 31 мамыр күні Астанада көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатында қауіпті жағдайда тұрған 16 жастағы қыз құтқарылды. Оқиға Б. Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Куәгерлер пәтер терезесінің алдында тұрған жасөспірімді байқап, жедел қызметтерге хабар берген.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар пәтер есігін ашып, қызға жеткен. Мамандар оны қауіпсіз жерге шығарып, аман алып қалды. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің маңына арнайы құтқару жастығы («өмір кубы») орнатылған.
Құтқарылған жасөспірімнің 2010 жылы туғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Politico.kz.
Видеодан кадрлар