Жамбылда жалынды жастар бас қосты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Әбутәліп Мүтәлі «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «BIR TOLQYNDA» ашық диалог алаңында аймақ жастарымен еркін форматта кездесті.
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде өткен мазмұнды кездесуде ел болашағы, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі, жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер жайлы келелі әңгіме өрбіді.
Мәжілісмендер жастардың тың идеялары мен бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтіп, ашық диалогтың қоғам дамуына серпін беретінін жеткізді.
«Bir Tolqynda» алаңының басты ерекшелігі – жастарға еркін пікір алмасуға мүмкіндік берілуі. Белсенді жастар өз жетістік тарихтарымен бөлісіп, қатарластарына мотивация сыйлады.
Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сауалдарын ашық қойып, нақты жауаптар алды. Осындай мазмұнды кездесулер жастарға жаңа серпін, жаңа сенім беретіні анық.