Облыстық «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары мәресіне жетті
Бүгін Б.Момышұлы атындағы әскери-мектеп интернатының базасында өткен облыстық әскери-патриоттық ойындар тартысқа толы болды. Аталған додада Тараз қаласы мен облыстың барлық аудандарынан іріктеуден өткен 12 команда өзара мықтыны анықтады.
Қатысушылар бас жүлде үшін «Сарбаз жолы» тактикалық кедергілер жолағы, әскери-спорттық эстафета және «Рухты сарбаз» ұлттық ойындары кезеңдері бойынша сынға түсті.
Сайыс барысында жастардың физикалық дайындығы, шапшаңдығы мен төзімділігі ғана емес, әскери машығы, тарихи танымы және командалық бірлігі де бағаланды.
Нәтижесінде:
I орын — Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы;
II орын — Қордай ауданы, №32 орта мектеп;
III орын — Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия иеленді.