Шегіртке шеруіне қарсы күрес
Үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының барысы туралы.
Аудан бойынша 2026 жылы 301 750 гектар ерекше қауіпті зиянкестерге (яғни шегірткелерге) мониторингтік тексеру жүргізілді.
Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу 15 270 гектар алқапта жүргізілуде. Оның ішінде 5 270 гектар жер үсті тәсілімен, қалған 10 000 гектар әуе жолымен өңдеуге жатады.

Жалпы алғанда, үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары ауданның 6 әкімшілік аумағында (Жаңаталап, Игілік, Жайылма, Түркістан, Қамқалы, Тоғызкент а/о) жүргізілуде.
1) Марокко шегірткесіне қарсы – 320 гектар аумақта ағымдағы жылдың 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында толығымен химиялық өңдеу толығымен жүргізіліп, аяқталды.
2) Итальян прусына қарсы – 6 950 гектар. Итальян прусына қарсы өңдеу жұмысатары жоспарға сәйкес және күнделікті мониторинг жұмыстарына сәйкес атқарылуда.
Бұл жұмыстарға 2 арнайы бүріккіш техника, 1 жеңіл авиация борты (ұшақ) келеді. Зерттеу және күрес шараларына 25 маман тартылған.

3) Азиялық шегірткеге қарсы – 8 000 гектар. Азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары дәрнәсілдер жаппай туу және қанаттану кезеңінде жүргізіледі.
Саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен, ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп 3 210 га алқапта жүргізіледі.
Саяқ шегірткеге қарсы – жеке шаруақожалықтар 375 га, мемлекеттік жер қоры 2 835 га аумақта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Өңдеу жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары
Н. Молдабеков жетекшілік ететін штаб үйлестіруде.
Сарысу ауданы