Шахтинскіде мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кетті

0 49

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында гараждардың бірінде өрт шығып, бір жасөспірім көз жұмды. Тағы екі бала түрлі дене күйігімен ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні Жастар көшесінде орналасқан гараждардың бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, балалар мотоциклге жанармай құймақ болған кезде өрт тұтанған.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 2026 жылғы 19 мамырда сағат 20:27-де түскен. Гараж ішінде шатырдың ағаш қаптамасы, ескі заттар және екі мотоциклдің жанатын бөліктері өртенген.

Жалын шарпыған аумақ шамамен 20 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар оқиға орнынан 2008 жылы туған жасөспірімнің күйік шалған мәйітін тапты.

Сондай-ақ 2008 және 2009 жылы туған тағы екі жасөспірім дене күйігімен жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қылмыстық іс тіркегені хабарланды.

фото: pixabay.com

turkystan.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.